Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Өзге ұлттардың пұттары күміс, алтыннан,Адамдардың қолдарымен жасалған. Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды,Көздері бар, бірақ көре алмайды, Құлақтары бар, бірақ ести алмайды,Мұрны бар, бірақ иіс білмейді, Қолдары бар, бірақ сезе алмайды,Аяқтары бар, бірақ жүре алмайды,Көмейінен бір дыбыс та шықпайды. Өзге ұлттардың пұттары күміс, алтыннан,Адамдардың қолдарымен жасалған. Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды,Көздері бар, бірақ көре алмайды, Құлақтары бар, бірақ ести алмайдыЖәне ауызынан дем де шықпайды. Керісінше, Көктің Иесіне қарсы бас көтердіңіз! Оның киелі үйінен тонап алынған ыдыстарды алдыртып, солармен басшы-ұлықтарыңыз, әйелдеріңіз әрі кәнизактарыңызбен бірге шарап іштіңіз, оның үстіне күміс, алтын, қола, темір, ағаш және тастан жасалған, ештеңені көріп-естімейтін әрі түсінбейтін тәңірсымақтарды мадақтап отырдыңыз. Алайда өміріңіз бен барлық жолдарыңызды қолында ұстап отырған Құдайға ешқандай мадақтау айтқан жоқсыз! Алайда сол пәлелерден өлмей, аман қалған адамдар өз қылықтарына өкініп, бас тарта қоймады. Олар өздерінің жын-перілерге және алтын, күміс, мыс, тас немесе ағаштан жасалған мүсіндерге табынып келгендеріне опық жеп, тәубеге келмеді. Ал сол мүсіндер не көре, не ести, не жүре алмайды ғой.
Выбор основного перевода