Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Әрбір тірі мақұлықтың жаны да, әр адам баласының тіршілік лебі де Жаратқан Иенің қолында. Бар іс-әрекетімді көріп, басқан қадамдарымның бәрін де Ол бағалайды емес пе? Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды,Көздері бар, бірақ көре алмайды, Құлақтары бар, бірақ ести алмайды,Мұрны бар, бірақ иіс білмейді, Өзге ұлттардың пұттары күміс, алтыннан,Адамдардың қолдарымен жасалған. Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды,Көздері бар, бірақ көре алмайды, Құлақтары бар, бірақ ести алмайдыЖәне ауызынан дем де шықпайды. «Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өз жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды. Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды. Сондықтан мен, Набуходоносор, Көктің Патшасын мадақтап, құрметтеп, дәріптеймін, өйткені Оның барлық іс-әрекеті ақиқат та әділ. Ол паңданып жүретіндерді бағындырып бой ұсындыра алады». Сонда тәңір мүсінінің келтірер пайдасы не? Оны ойып жасаған жай пенде емес пе? Немесе құйылып жасалған, өтірікті үйрететін мүсіннің пайдасы қандай? Оны жасайтын адам баласы өзінің қолынан шыққан тәңірсымаққа сенеді, бірақ сол мүсін сөйлей алмайды, ол үнсіз мылқау. Ағаш мүсінге: «Тіріл!», мылқау тасқа: «Оян!» дейтін қасіретке қалады! Өлі мүсіндер сендерге дұрыс жолды үйрете ала ма? Алтын, күміспен қапталған болса да, оларда тіршілік жоқ. Ирод Құдайға тиісті құрметті көрсетпегендіктен, Жаратқан Иенің періштесі оған дереу жаза жіберді: Ирод тірідей құртқа жем болып өлді. Алайда сол пәлелерден өлмей, аман қалған адамдар өз қылықтарына өкініп, бас тарта қоймады. Олар өздерінің жын-перілерге және алтын, күміс, мыс, тас немесе ағаштан жасалған мүсіндерге табынып келгендеріне опық жеп, тәубеге келмеді. Ал сол мүсіндер не көре, не ести, не жүре алмайды ғой.
Выбор основного перевода