Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях деген балалар бар еді. Патша олардан қандай мәселе туралы ақыл-кеңес сұрамасын, өзінің бүкіл патшалығындағы абыздары мен балгерлерінен гөрі олардың он есе білімдірек екенін анықтады. Патшалығыңызда киелі тәңірлердің рухы қонған бір адам бар. Атаңыздың көзі тірісінде сол кісінің тәңірлердікі сияқты ақыл-парасаты мен көрегендігінің бар екендігі анықталған болатын. Сол адамды атаңыз Набуходоносор патша сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылардың үстінен қарайтын басшы етіп тағайындаған еді. Менің айтып отырған адамым Набуходоносор патша Балташазар деп ат қойған Даниял деген кісі. Ол өте зерделі, білімді және көреген адам. Оның түс жоритын, жұмбақтарды түсіндіретін және қиын мәселелерді шеше алатын қабілеті де бар. Даниялды шақыртыңыз, ол мына жазудың мағынасын түсіндіріп береді.
Выбор основного перевода