Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Осылай даланың барлық ағаштары Менің, Жаратқан Иенің, биік ағашты құлатып, аласа ағашты биік қылып өсіретінімді, әрі жасыл ағашты қуратып, қураған ағашты көгертетінімді білетін болады.Бұны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, сонымды орындаймын да!» Оның санасы ауысып, адамдікі емес, аңдардікі болсын. Сондай күйде ол басынан жеті кезеңді өткізсін. Сіз адамдардың арасынан аластатылып, аңдармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып тұратын боласыз. Сонымен сіз Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, билікті Өзі қалаған кісісіне табыстайтынын ұққанға дейін жеті кезең өтетін болады. Бұдан былай адамдардың арасынан аластатылып, даланың аңдарымен бірге тұрып, өгіз сияқты шөппен қоректенетін боласың! Сен Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, билікті Өзі қалаған кісісіне табыстайтынын ұққанға дейін осындай күйде жеті кезеңді өткізесің. Набуходоносор туралы айтылған осы бұйрық сол сәтте-ақ орындалды. Ол адамдардың арасынан аластатылып, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, денесі шыққа малынып тұрды. Содан шаштары бүркіттің қауырсынындай, тырнақтары құстың шеңгеліндей болып сойдиып өсіп кетті. «Сол мерзім біткен соң мен, Набуходоносор, көктегі Құдайға бет бұрдым. Сонда ақыл-санам өзіме қайта оралды. Мен мәңгі тірі Алла Тағаланы мадақтап, дәріптеп, Оған шүкірлік айттым.Оның билігі мәңгілік, Патшалығы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі жалғаса береді. Бүкіл жер бетінің тұрғындары Оның алдында түк емес сияқты көрінеді. Ол көктегі періштелер топтарына да, жердегі адамдарға да Өзінің еркіне сай әрекет етеді. Оның құдіретті қолын тоқтатып, Оны: «Не істеп отырсың?» деп сынай алатын ешкім де жоқ.
Выбор основного перевода