Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
— Біз екеуіміз де түс көрдік, бірақ оны бізге жорып беретін ешкім жоқ, — дейді олар. Жүсіп:— Түс жору Құдайдың ісі емес пе? Маған айтып беріңіздер, — дегенде, Патша қатты айқайлап, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршыларды шақыртып алды. Бабылдың білімпаздары жиналған соң, Белшазар оларға былай деді: «Кімде-кім осы жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсе, сол патшалықтың үшінші билеушісі болады! Оған күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылады», — деді. Сонда Белшазардың әмірі бойынша Даниялға күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылды. Ол патшалықтың үшінші билеушісі деп жарияланды.
Выбор основного перевода