Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Мен ғаламат құдіретіммен және алға созған қолыммен әлемді әрі жер бетіндегі адамдар мен хайуандарды қоса жараттым. Оларды қалаған адамыма тапсырамын. Ал қазір Мен сендердің барлық елдеріңді Өзімнің еркімді іске асырушы Бабыл патшасы Набуходоносордың билігіне тапсырып отырмын. Мен тіпті даланың жабайы аңдарын да оған бағынышты етемін. Бабыл патшалығы мен патшасына сотталу уақыты жеткенге дейін, барлық халықтар оның өзіне, ұлы мен немересіне мойынсұнып қызмет ететін болады. Содан кейін Бабылдың өзі көптеген халықтар мен ұлы патшаларға бағынышты болады. Сіз, уа, патша ағзам, көптеген патшалардың патшасысыз. Көктегі Құдай сізге патшалық билік, күш-қуат пен атақ-даңқ сыйлап, үстемдігіңізге әр жердегі адам баласын, даладағы аңдар мен аспандағы құстарды тапсырып, өзіңізді солардың барлығының үстінен билеуші етіп тағайындады. Сондықтан мүсіннің алтын басы өзіңізді білдіреді. Бұл шешімді мәлімдеп, үкімді жариялаған — бәрін күзететін қасиетті хабаршылар. Осылайша пенделердің патшалықтарына Алла Тағаланың үстемдік жүргізетінін барлық тірі жан атаулы ұғатын болады. Ол билікті Өзі қалаған кісісіне табыстап, ең төменгі пендені де басшылыққа тағайындай алады». Сіз адамдардың арасынан аластатылып, аңдармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып тұратын боласыз. Сонымен сіз Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, билікті Өзі қалаған кісісіне табыстайтынын ұққанға дейін жеті кезең өтетін болады.
Выбор основного перевода