Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еробоғам қайратты да қабілетті жігіт болатын. Оның жақсы жұмыс істеп жүргенін көрген Сүлеймен Еробоғамды Жүсіптен тараған екі рудың жұмысшыларының үстінен басқарушы етіп тағайындады. Сол күндердің бірінде Еробоғам Иерусалим қаласынан шығып келе жатқанда, алдынан шилолық Ахиях пайғамбар кездесті. Пайғамбар үстіне жаңа шапан киіп алған екен. Далада екеуінен басқа ешкім болмады. Сонда Ахиях өзінің үстіндегі су жаңа шапанын шешіп алып, қолдарымен ұстап тұрып, он екі бөлікке паршалап жыртты да, Еробоғамға былай деді: «Осы он паршаны өзіңе ал! Себебі Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп ал! Мен патшалықты Сүлейменнің қолынан жұлып алып, он рудың үстінен билікті саған беріп отырмын. «Мен сені шаң-тозаңнан көтеріп, өз халқым Исраилдің үстінен билеуші етіп тағайындадым. Бірақ сен Еробоғамның теріс жолымен жүріп халқым Исраилді күнә жасауға еліктіріп келесің. Сол күнәларымен олар Менің қаһарымды туғызуда.
Выбор основного перевода