Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар Жаратқан Иеден бас тартқандықтан, Мысыр патшасы Шұшақ Иерусалимге қарсы аттанды. Бұл Рохабоғамның патшалық құруының бесінші жылы болды. Сонымен Мысыр патшасы Шұшақ Иерусалимге өрлеп жеткен соң Жаратқан Иенің ғибадатханасының және патша сарайының қазыналарын қолына түсірді. Олардың бәрін де, Сүлеймен патша алтынмен қаптатқызып жасатқан қалқандарды да алып кетті. Рохабоғам патша солардың орнына қоламен қапталған қалқандар жасатып, оларды патша сарайының есіктерін күзететін сақшылардың басшыларына табыстады. Патша Жаратқан Иенің киелі үйіне барған сайын сақшылар қалқандарды көтеріп алып келіп, кейін қайтадан күзетшілер үйіне апарып қоятын. (Болған оқиғаны біліп қойған) Сүлеймен Еробоғамды өлтірмек болды. Бірақ ол Мысырға қашып барып, сол елдің патшасы Шұшақтан пана сұрады. Еробоғам Мысырда Сүлеймен қайтыс болғанға дейін тұра берді.
Выбор основного перевода