Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Менен, Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын. Халық бөгде тәңірлерге табынды,Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,Жексұрын пұттармен қаһарландырды, Құдай емес мүсіндерге табынды,Осылай қызғанышымды тұтандырды,Тәңірсымақтарымен Мені қаһарландырды.Сонда Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылыОлардың қызғаныштарын тұтандырамын,Иә, өздері түсінігі жоқ деп санайтынӨзге халықпен оларды ашуландырамын! Рохабоғамның билігі орнығып, күшейген кезде оның өзі және бүкіл халқы Жаратқан Иенің Таурат заңына бағынбай кетті. Патша Жаратқан Иеге шын жүректен бет бұрмаған еді, содан оның істегендері жалпы әділетсіз болды. Әлде Иеміздің қызғанышын қоздырып, өзімізді Одан күштірекпіз деп ойлаймыз ба?
Выбор основного перевода