Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. Осы сұмдық іс Еробоғамның әулетінің ауыр күнәсіне айналды. Соның кесірінен бүкіл әулет жоғалып, жер бетінен құрып кететін болды. Себебі Еробоғам өзінің күнәға батып, Исраил халқын да күнә жасауға еліктіруімен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызған болатын. Бағаса Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Ол Еробоғамның теріс жолымен жүріп, оған ұқсап күнәға батып, Исраил халқын да күнә жасауға еліктірді. «Мен сені шаң-тозаңнан көтеріп, өз халқым Исраилдің үстінен билеуші етіп тағайындадым. Бірақ сен Еробоғамның теріс жолымен жүріп халқым Исраилді күнә жасауға еліктіріп келесің. Сол күнәларымен олар Менің қаһарымды туғызуда.
Выбор основного перевода