Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бағаса таққа отырысымен Еробоғамның әулетін толығымен қырып-жойып, бірде-бір жанын тірі қалдырмады. Жаратқан Иенің Өзінің қызметшісі шилолық Ахиях пайғамбар арқылы айтқан сөзі осылай жүзеге асты. Біліп қой, сол үшін Мен Набат ұлы Еробоғамның әулетін түгел құртқанымдай, енді Бағасаның өзін және оның әулетін де қырып-жоямын. Сол себепті Жаратқан Ие сізге мынаны айтады: «Саған жамандық жіберіп, сені түп-тамырыңмен құртамын. Ахабтың әулетіне жататын азат болсын, басыбайлы болсын, барлық еркек кіндіктілерді жоямын! Осылай Ахабтың бүкіл әулеті құриды, Мен Исраилдегі Ахабтан тараған азат болсын, құл болсын, әрбір еркек кіндіктінің көзін құртамын. Сөйтіп Мен Ахабтың әулетін Набат ұлы Еробоғамның әрі Ахиях ұлы Бағасаның әулеттері сияқты етіп, олардан ешқандай із қалдырмаймын. Себебі Жаратқан Ие Исраил халқының малай болсын, ерікті адам болсын, барлығының да басынан өткізіп жатқан ауыр азаптарына назар аударды. Оларға қол ұшын беретін ешкім болған жоқ.
Выбор основного перевода