Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, өзің тұр да, үйіңе қайт. Қалаға аяғыңды басып кіре салысыңмен, ұлың қайтыс болады. Бағаса көз жұмып, ата-бабаларының жанына жөнелгенде мәйіті Тирсадағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ила әкесінің орнын басып патша болды. Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбар арқылы Бағасаның өзіне әрі оның әулетіне қарсы үкім шығарған еді. Бағаса Жаратқан Иенің көз алдында Еробоғамның әулеті іспетті зұлым істер істегені үшін, сондай-ақ, оның Еробоғамның әулетін құртқанына бола, оның өз ұрпақтары да Еробоғамның әулеті сияқты жойылатын болды. Себебі Бағаса өзінің іс-әрекеттерімен Жаратқан Иенің қаһарын туғызған еді. Асаның Яһуда еліне патшалық құрған жиырма алтыншы жылы Бағаса ұлы Ила Солтүстік Исраилдің патшасы болып, елдің астанасы Тирсада екі жыл билік құрды. Алайда патшаның соғыс күймелерінің жартысына басшылық ететін Зімри есімді қызметкері Илаға қарсы қастандық дайындады. Бір күні Ила патша Тирса қаласында сарай басқарушысы Арсаның үйінде көңіл көтеріп мас болып отырды.
Выбор основного перевода