Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олардың тәңірлеріне табынбаңдар, әрі істегендеріне еліктемеңдер! Қайта, олардың тәңір мүсіндерін талқандап, тас бағаналарын қиратыңдар. Сендер қуып шығарғалы отырған халықтар биік тау-төбелерде және әрбір саялы ағаштың түбінде өздерінің жалған тәңірлеріне құлшылық етеді. Сол ғибадат орындарының барлығын түгелдей бұзып тастауларың керек. Сонымен қатар Ахаз төбе бастары мен өзге де биіктеу жерлердегі табыну орындарында және әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге арнап құрбандық шалып, хош иісті заттар түтетіп ұсынып жүрді. Исраилдіктер, сондай-ақ, өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қарсы әділетсіз істерді астыртын да істеп жүрді. Олар барлық елді мекендерінде, күзет мұнарасында болсын, қамалды қалада болсын биіктеу жерлердегі табыну орындарын жасап алған болатын. Осылайша исраилдіктер әр биік төбе басында және әрбір саялы ағаштың түбінде тас бағаналарды және әйел тәңір Ашераға арналған ағаш бағаналарды орнатып қойды. Әрбір саялы ағаш түбінде жалған тәңірлерге табынып, құштарлық отына өртенесіңдер. Сайлардағы жартастардың қуыстарында өз балаларыңды құрбандыққа қиясыңдар! «Баяғыда Мен мойныңа салынған мойынтұрықты сындырып, бұғауларыңды үзіп, өзіңді құлдықтан азат еткен едім. Алайда: «Жоқ, мен қызмет етпеймін!» дедің. Ал шынында сен көрінген биік төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге табынып опасыз әйел іспетті азғындыққа салындың. сен әрбір алаңда өзіңе сәкілер жасадың. Барлық көше бастарында да өзіңе биіктеу орындар тұрғызып, көркіңді масқара еттің. Өз тәніңді кім көрінгенге ұсынып, ойнас жасап, азғындыққа батқан үстіне бата бердің.
Выбор основного перевода