Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сол кезде Жорамның жасы отыз екіде еді. Ол Иерусалимде сегіз жыл билік жүргізді. Ахабтың әулеті сияқты, Яһуда патшасы Жорам да Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүрді, себебі оның әйелі Ахабтың қызы болатын. Содан Жорам Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Сонда да Жаратқан Ие Өзінің адал қызметшісі Дәуітке бола Яһуда елін жоюды қаламады. Ол Дәуітке және оның келешек ұрпақтарына ұдайы (патшалық құрып) шам-шырақ іспетті нұр шашуға мүмкіндік беру жайлы уәде еткен болатын. Жорамның заманында Едом халқы Яһуда патшалығының үстемдігіне қарсы бас көтеріп, өздеріне патша тағайындап алды. Сонда Жорам өзінің барлық соғыс күймелерімен шекарадан өтіп, Сайырға қарсы аттанды. Бірақ едомдықтар оның өзін және соғыс күймелерінің айдаушыларын қоршап алды. Жорам түнде тұрып, олардың қоршауын бұзып шыға алды. Алайда жасақшылары үйлеріне қашып кетті. Содан бері Едом халқы осы күнге дейін Яһуданың үстемдігіне қарсы бас көтеріп келеді. Сол кезде (філістір елінің шекарасындағы) Либна қаласы да Яһуданың патшасына қарсы шықты. Жорам патша болған кезде жасы отыз екіде еді. Ол Иерусалимде сегіз жыл билік жүргізді. Жорам дүниеден қайтқанда ешкім оны жоқтамады. Оның мәйіті Дәуіттің шаһарында жерленсе де, патшаларға арналған қабірлердің біріне қойылған жоқ.
Выбор основного перевода