Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Қайта, бірсыпыра філістірлер Жосапат патшаға сыйлықтар және алым-салық ретінде күміс әкеліп, табыстап отырды. Көшпенді араб тайпалары да отарларынан жеті мың жеті жүз қошқар мен жеті мың жеті жүз серке айдап әкеліп беретін. Иерусалимнің тұрғындары Жорам патшаның кенже ұлы Охозияхты әкесінің орнына патша етіп қойды. Себебі бір тонаушылар тобы көшпенді тайпалармен бірігіп Яһуданың әскер қосына тап бергенде патшаның Охозияхтан үлкен ұлдарының барлығын да өлтіріп тастаған еді. Сондықтан Жорамның кенже ұлы Охозиях Яһуда елінің патшасы болды. Сол себепті Жаратқан Ие оларға қарсы Ассур патшасының әскер басшыларын жіберді. Бұлар Манасаны қолға түсіріп, мұрындықтап, қола шынжырлармен кісендеп, Бабыл қаласына айдап алып кетті.
Выбор основного перевода