Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Ассур елінің патшасы Бабыл, Құта, Аууа, Хамат және Сепар-Уайм өлкелерінен халқын көшіріп әкеліп, оларды исраилдіктердің орнына Самария еліндегі қалаларға қоныстандырды. Осылар Солтүстік Исраилдің жерін иемденіп, қалаларына орнығып алды. Жорам Яһуда елінің патшасы болған кезде жасы отыз екіде еді. Ол Иерусалимде сегіз жыл билік жүргізді. Арамалықтар кетіп қалған кезде Жоғас патша қатты жаралы болып жатты. Оның діни қызметкер Еходайдың ұлы Зәкәрияның қанын төккені үшін, өз нөкерлері оған қарсы астыртын сөз байласып, төсекте жатқан жерінде өлтіріп тастады. Жоғастың мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды, бірақ патшалар зиратындағы қабірлердің біріне емес. Ахаз көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Иерусалим қаласында Исраилдің патшаларының қабірлерінен бөлек мазарға қойылды. Оның ұлы Езекия орнын басып патша болды. Сондықтан Яһуда патшасы Жосия ұлы Жохақым туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: Кезінде оның отбасын: «Ой, бауырым, ой, қарындасым!» деп ешкім жоқтамайтын болады, оның өзін де жұрт: «Беу, тақсыр ием-ай! Ой, патшам-ай!» деп те жоқтамайды. «Мына адам Ехониях шынымен сынып, қоқысқа тасталған ыдыс іспетті ме? Оның өзі және балалары білмейтін алыс елге неліктен айдалып әкетілмек?» деп сұрайтын шығар.
Выбор основного перевода