Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бірақ ол Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Надаб әкесі Еробоғамның жолымен жүріп, ол сияқты Солтүстік Исраилді күнә жасауға еліктірді. Бірде Ғилақад аймағындағы Тішбенің тұрғыны Ілияс Ахаб патшаға барып, былай деп мәлімдеді: «Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Жаратқан Ие — Исраилдің Құдайының алдында шын айтамын: келесі бірнеше жыл бойы мен «Жаңбыр жаусын!» деп айтпайынша, елде не жаңбыр да жаумайтын, не шық та түспейтін болады!» Аса өзінің сиынатын Құдайы Жаратқан Иеге ұнамды ізгі де әділ істер істеді. Ол бөгде тәңірлерге арналған құрбандық орындарын және биіктеу жерлердегі табыну орындарын қиратып құртты. Солардағы тас бағаналарды сындырып, Ашераға бағышталған ағаш бағаналарды да шауып тастады. Патша, сондай-ақ, яһудалықтарға ата-бабаларының сиынған Құдайы — Жаратқан Иеге бет бұрып мойынсұну әрі Оның Таурат заңы мен өсиеттерін орындау жайлы да бұйырды. Аса Яһуданың күллі қалаларынан биіктеу жерлердегі табыну орындарын және хош иісті заттар түтетілетін үстелдерді құртып, алып тастады. Оның тұсында патшалық бір тыныш кезеңді өткізді. Ежелде арғы атасы Дәуіт жүрген тура жолдан Жосапат та таймағандықтан, Жаратқан Ие оған жар болды. Жосапат Бағал есімді тәңірсымақтың мүсіндеріне емес, марқұм әкесінің сиынған Құдайына бет бұрып мойынсұнды. Осылай патша Жаратқан Иенің өсиеттерін орындап, Солтүстік Исраил халқының зұлым іс-әрекеттерін істеген жоқ.
Выбор основного перевода