Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. Ахабтың Еробоғам патша сияқты күнәға батқаны былай тұрсын, ол Сидон патшасы Етбағалдың қызы Езабелге үйленіп, жалған тәңір Бағалға құлшылық етіп, оған бас ұра табынып кетті. Ахаб Самарияда Бағалға бағыштап ғибадатхана салып, құрбандық ұсыну үстелін тұрғызды. Бұған қоса Ахаб жалған тәңір Ашераға арнап ағаш бағаналар да жасатып, орнатты. Осылайша Ахаб өзінен бұрын Исраилдің патшасы болғандардың қай-қайсысынан бетер Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің ерен қаһарын туғызды. Бірақ Жорам әкесінің орнына патшалық құрып, жағдайын нығайтып алғаннан кейін, барлық інілерін және Исраилдің бірсыпыра әміршілерін семсермен өлтіріп тастады. Ахабтың әулеті сияқты, Жорам да Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүрді, себебі оның әйелі Ахабтың қызы болатын. Содан Жорам Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Жорам мұнымен ғана қоймай, Яһуданың таулы аймағындағы биіктеу жерлерде табыну орындарын тұрғызып, соларда Иерусалимнің тұрғындарын және Яһуданың халқын жалған тәңірлерге беріліп, азғындыққа жетеледі.
Выбор основного перевода