Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Иерусалимнің тұрғындары Жорам патшаның кенже ұлы Охозияхты әкесінің орнына патша етіп қойды. Себебі бір тонаушылар тобы көшпенді тайпалармен бірігіп Яһуданың әскер қосына тап бергенде патшаның Охозияхтан үлкен ұлдарының барлығын да өлтіріп тастаған еді. Сондықтан Жорамның кенже ұлы Охозиях Яһуда елінің патшасы болды. Расында Құдайға лайықты үй салып беруге кімнің шамасы жетеді?! Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Оны сыйғыза алмайды! Мен де Оған арнап киелі үй салатындай кіммін сонша? Тек Оның алдында арнайы сый-тартуларды өртеп ұсынатын орын дайындамақпын. Жоғас патша Бет-Шәміште Яһуда елінің патшасы Амасияхты қолға түсіріп, оның астанасы Иерусалимге алып барды. Жоғас Иерусалимді қоршаған қабырғаның Ефрем және Бұрыш қақпаларының арасындағы үлкен бөлігін құлатып тастады. Сол бөліктің ұзындығы шамамен төрт жүз шынтақ болды.
Выбор основного перевода