Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол қай істе де парасаттылық танытып отырды, өйткені Жаратқан Ие оған жар болды. Әлемді Билеуші Құдай — Жаратқан Ие оған жар болғандықтан, Дәуіт барған сайын күшейе түсті. Жолда қадамдарымды ұлғайтасың,Аяқтарымды таюдан сақтап қаласың. Жауларымның артынан қуып жеттім,Бәрін құртпайынша кері келмедім. Олар жеңіліп, қайта тұра алмады,Аяғымның астына менің құлады. Шайқасуға маған күш-қуат сыйладың,Қарсыластарды алдыма бас ұрғыздың, Қалған жауларды қашуға мәжбүр қылдың.Мені жек көргендердің көздерін құрттым, Көмекке шақырды олар, ешкім құтқармады,Жаратқанға жалынды, Ол құлақ салмады. Ол былай деп атамақ атымды Менің:«Сен Әкемсің, Құдайымсың өзімнің,Жартастай паналайтын Құтқарушымсың».
Выбор основного перевода