Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Өзіңіз білетініңіздей, әкем Дәуіт өзінің сиынған Құдайы Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үйді сала алмай кетті, себебі оған қарсы жан-жақтан соғыс жүргізіліп отырды. Жаратқан Ие жауларын табанының астына салып бергенге дейін киелі үйді тұрғызу мүмкін болмады. Ал енді, Құдайым Жаратқан Ие маған жан-жағымнан тыныштық сыйлап, жаудан да, апат атаулыдан да аманбыз. «Мен халқымды Мысырдан құтқарып, бастап алып шыққан күннен бері өз есімімнің орнығуы үшін киелі үй салынсын деп Исраилдің ешбір руындағы бірде-бір қаланы таңдамадым. Ал халқымды басқаруға Дәуітті таңдап алдым!» — Алайда сол үйді салатын адам сен емессің, ол — болашақта дүниеге келетін өз ұлың. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болады». Алайда Құдай шынымен-ақ жер бетінде тұратын бола ма?! Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Сені сыйғыза алмағанда, мен салған мына үй қайдан сыйғызсын?! Жаратқан Ие мынаны айтады: «Аспан Менің тағым, ал жер табан тіренішім сияқты. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?! Алайда Құдай Тағала адам салған үйлерде тұрмайды. Ишая пайғамбар Оның былай деп айтқанын жазып қалдырды:
Выбор основного перевода