Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзіңнің мендей пендеңе көрсеткен тұрақты рақымың мен адалдығыңның бәріне де еш лайықты емеспін. Мен Иордан өзенінен бір таяққа ғана сүйеніп өткен болсам, енді өзімдегі барды екі көшке бөле алатын болып отырмын. Ал Мұса Құдайға:— Перғауынға барып, исраилдіктерді Мысырдан алып шығатындай соншама мен кіммін? — деп жауап қайырды. Бірақ Саул:— Мен шыққан Бунямин руы Исраил руларының ішіндегі ең кішісі, әулетім де сол рудың ішіндегі ең шағыны. Маған мұны неліктен айтып тұрсыз? — деп сұрады. Дәуіт:— Патшаның күйеу баласы болатындай мен кіммін, отбасым мен шыққан әулетім де кім, сонша?! — деп кішіпейілділік танытты.
Выбор основного перевода