Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзіңе таңдаған тауға халқыңды апарасың,О, Жаратқан, сонда оны қондыратын боласың.Сол жерді өз мекенің болуға жаратып алдың,Уа, Ием, Сен сонда киелі орныңды жасадың. Егер Исраил халқы Менің өздеріне қызметшім Мұса арқылы тапсырған Таурат заңымды толығымен ұстанып, берген барлық бұйрықтарымды мұқият орындап жүрсе, онда Мен ата-бабаларына табыстаған осы елден оларды ешқашан аластатпаймын!» Ұдайы оны қорғап-қолдайтын боламын,Әрдайым күш-қуат сыйлайтын боламын. Досым оның топырағын қопсытып,Тазартты барлық тастардан арылтып,Таңдаулы бұталарды отырғызып,Күзетуге мұнара салды қойып.Жүзім шырынын таптап сығуға арнапШұңқыр да жасап қойды әктастан қашап.Содан тәтті жемістің шығуын күтті,Жүзімдер бірақ ащы болып шықты! Әлемнің Иесінің бұл жүзім бағы —Исраилден шыққан үрім-бұтағы,Оның сүйсіне еккен бау-бақшасы —Яһуда елінің адамдары.Құдай бұлардан әділдік күтті,Ал, міне, олар жазықсыз қан төкті!Жаратқан Ие олардан адалдық тосты,Ал, міне, жапа шеккендердің айқайыҚұдайдың құлағына жетіп жатты! Сион, бұдан былай еліңде зорлық-зомбылықтың айқай-шуы естілмейді, өзің де қиратылып, талқандалмайсың. Керісінше, сен өзіңді құтқарған Мені «қамалым», Маған арнаған мадақтауыңды «бекітулі қақпаларым» деп атайтын боласың.
Выбор основного перевода