Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: «Міне, сенің көз жұмып, ата-бабаларыңа аттанатын уақытың жетті. Ал содан кейін бұл халық кіргелі тұрған елде азғындыққа салынып, сол елдің бөгде тәңірлерінің жолына түсетін болады. Осылай халық Менен бас тартып, олармен жасаған Келісімімді бұзады. Әйтпесе сіз көз жұмып, ата-бабаларыңызға жөнелгенде, өзім де, ұлым Сүлеймен де қылмыскер деп саналамыз, о тақсыр ием. Сонымен Дәуіт көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелді. Оның мәйіті Иерусалимдегі Дәуіттің шаһарында қабірге қойылды. Жаратқан Ие осы айтқандарын жүзеге асырды да. Оның уәдесіне сай, мен әкемнің орнын басып, Исраилдің патшалық тағына отырдым. Енді Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің құрметіне киелі үй салғыздым. Дәуітке былай деп ант берді Жаратқан,Шынайы сертін бұзбайды Ол ешқашан:«Бір ұрпағыңды өзіңнен тарағанМен сенің тағыңа отырғызамын. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Ал Дәуіт пайғамбар болды және оның тағына бір Ұрпағын отырғызуға Құдайдың өзіне ант еткенін білді. Құдай Дәуітке уәде еткендей, оның әулетінен Исраил халқы үшін Құтқарушы ретінде Исаны шығарды. Уа, бауырластар, Ыбырайым атаның әулетінен тарағандар және Құдайды қастерлеуші басқа ұлттықтар, Құтқарылу туралы хабар бізге жіберілді! Бұл Ізгі хабарда Құдайдың рухани Ұлы туралы сөз болады. Ол адам ретінде Дәуіт пайғамбардың әулетінен шыққан еді.
Выбор основного перевода