Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ақырында Самуил Есейден:— Барлық ұлдарың осылар ма? — деп сұрады.— Тағы бір кенже ұлым бар. Ол қой-ешкі бағып жүр.— Кісі жіберіп, оны алдыртшы! Сол келмейінше құрбандық асына отырмаймыз, — деп тапсырды Самуил. Есей кісі жіберіп, ұлын алдыртты. Ол беті албырап, көздері жайнап тұрған, келбетті жігіт екен. Жаратқан Ие Самуилге: «Тұр, бұл — сол. Оған май жағу рәсімін жаса!» — деп бұйырды. Біраз уақыт бұрын, Саул патшалық құрған кезде бүкіл Исраилді жорыққа бастап жүрген өзіңіз болатынсыз! Жаратқан Ие де сізге: «Менің халқым Исраилді бағатын әрі Исраил еліне басшылық ететін сен боласың» деп айтқан». Дәуіт жауап қайтарып:— Мен би билегенде, Жаратқан Иенің алдында биледім! Ол мені әкеңнің және оның барлық әулетінің орнына таңдап алып, өз халқы Исраилдің басшысы етіп қойды. Содан мен Жаратқан Иенің алдында көңілді ән айтып би билеймін. Қызметшісі етіп Дәуітті таңдады,Қой отарынан Құдай оны шақырды,
Выбор основного перевода