Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! «Уа, Жаратушы Тәңір Ием! Сен мендей қызметшіңе зор ұлылығың мен құдіретіңді көрсете бастадың. Өйткені Сенің істегеніңдей құдіретті іс-әрекеттер істей алатын қандай тәңір не аспанда, не жерде бар еді? Біз сиынатын Құдай барлық тәңір атаулыдан ұлы. Сондықтан да мен Оған арнап салатын ғимарат орасан зор болмақ. (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.) Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлеріАрасында жоқ Сендей бірде-біреуі!Сенің жасаған кереметтерің іспеттіЖоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері. Себебі Сен ұлысың, ғажап істер жасайсың,Уа, Жаратқан Ие, жалғыз Өзің Құдайсың! Иеміз ұлы, мадақталуға әбден лайықты,Оны қастерлеу қажет бар «тәңір, пірден» гөрі. Мынаны ұқтым: Жаратқан ерен ұлы,Иеміз бар «тәңір, пір» атаулыдан жоғары! Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ! Өзімді білмесең де, Мен сені күшті қыламын. Уа, Жаратқан Ие, Саған тең келер ешкім жоқ! Сен ұлысың! Зор құдіретіңе бола Сенің есімің де ұлы! Кейбіреулердің ойынша көкте де, жерде де «құдай» делінгендер бар; сол адамдар көп «құдайлар» мен «иелеріне» құлшылық етеді. Бірақ біз бәрінің бастауы болған бір ғана Құдай Әкені танимыз, Ол үшін өмір сүрудеміз; сондай-ақ, жалғыз Иеміз — Иса Мәсіхті де танимыз: күллі әлем де, өзіміз де Сол арқылы пайда болдық.
Выбор основного перевода