Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Гедеон оларға жауап беріп:— Сіздермен салыстырғанда мен қазір қандай жетістікке қол жеткізіппін? Ефрем руының терген масақтары Әбиезер әулетінің бүкіл жинағанынан әлдеқайда артық емес пе? Ал Ефрем руының сарбаздары жиналып, Сафонға өтіп барды да, Ефтахқа:— Аммондықтарға қарсы соғысу үшін солардың жеріне аттанғанда неге бізді шақырмадың? Сол үшін біз сені өз үйіңде өртеп жібереміз! — деп қоқан-лоқы айтты. кері бұрылып, буняминдіктерге қарсы шайқасуға тиіс болды.Бұған дейін буняминдіктер исраилдіктердің отыздайын өлтіргендіктен, «бұларды бұрынғыдай жеңіп жатырмыз» деп ойлаған еді. оң қолмен де, сол қолмен де садақ тартып, сақпанмен тас та ата беретін. Бұлар буняминдік Саулдың рулас туысқандары еді. Кейін тағы да «Арама Солтүстік Исраилмен бізге қарсы одақтасты!» деген суық хабар Дәуіттің әулетіне жетті. Содан Ахаз патша мен оның халқының қорыққаны сонша, дауыл шайқаған орман ағаштарындай дірілдеді. Сондықтан Ефрем халқы көгершін сияқты аңғал да санасыз болып қалды. Олар біресе Мысырды шақырып, біресе Ассурға барып, қолдау сұрайды.
Выбор основного перевода