Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:— Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін, оның тоң мойын қыңыр екеніне көзім жетті. Бірақ олар тыңдамай, кезінде өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге сенім артпаған ата-бабалары сияқты тоңмойын болып қасарысып алды. Шын жүректен Оған адал болмады,Келісімін Оның берік ұстанбады. Ол былай деді: «Ей, пендем, Мен сені Исраилдің үрім-бұтағына — Маған қарсы шыға беретін бас көтергіш халыққа жібермекшімін. Олардың өздері де, ата-бабалары да осы күнге дейін Маған қарсы бас көтеріп келеді. Мен сол иен далада олардың балаларына былай дегенмін: «Ата-бабаларыңның жаман әдет-ғұрыптарын орындамаңдар, олар табынған жалған тәңірлермен өздеріңді арамдамаңдар! Бірақ мына халықтың жүрегі қасарысқан әрі бүлікшіл, олар сырт айналып, безіп кетті.
Выбор основного перевода