Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады,Киелі тауыңда кімнің тұруына болады? Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді, Ешкімді уытты тілмен өсектемейді,Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді,Жақынының арына дақ түсірмейді. Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды,Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды,Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды, Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Мына халық Мені қашанға дейін менсінбей жүре береді? Мен олардың көз алдында құдіретімді дәлелдейтін қаншама кереметтер жасаған болсам да, олар қашанға дейін Маған сенбей жүре бермек?! Алайда сендер Құдай Иеміздің істегендеріне қарамастан Оған сенім артпадыңдар! Өйткені олар Құдайға сенбеді,Оның құтқаруына үміттенбеді.
Выбор основного перевода