Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жіберілгендер елге өрлеп барып, оны Сін атты елсіз даладан бастап (солтүстіктегі) Лебо-Хаматқа қарай баратын жолдағы Рехоб аймағына дейін шарлап, барлап шықты. Мысырда көрсеткен ғажап істерін,Соған алқабындағы кереметтерін, Елдің астанасы Соғанның басшылары зердесіздер! Мысырдың ең кемеңгерлері ақымақ кеңес береді. Қалай ғана олардың дәттері барып патшаға: «Мен ежелгі кемеңгерлер мен патшалардың ұрпағымын» деп мақтана алады? Соғанның басшылары ақымақ болып, Мемфистің басшылары да алданып қалды! Мысырдың руларының басты адамдары халықты адастырып, басын айналдырды. Оңтүстік Мысырды елсіз жерге айналдырып, (солтүстік Мысырдағы) Соған қаласына от қоямын, әрі Но қаласына жазаларымды жүзеге асырамын.
Выбор основного перевода