Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құтқарған халқыңды рақымыңмен жетелейсің,Киелі мекеніңе зор күшіңмен жеткізесің. Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Ал Ешүрун семіріп қыңырланды,Халық әбден тойынып қоң жинады,Тіпті өзін жаратқан Құдайды менсінбеді,Жартастай Құтқарушысынан безіп кетті. Құрт секілді дәрменсіз Жақып халқы,Исраилдің азғантай жұрты,Қорықпа, Мен сені қолдаймын!» —Деп нық айтады Жаратқан Ие.Ол, Исраилдің Киелі Құдайы, сені туысқан қамқоршыдай азат етеді Олар азап шеккен кездің бәріндеЖаратқан Ие бірге азап шекті,Өзінің қасындағы періштесіТаңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді.Құдайымыз сүйіспеншілігіменЖәне мол қайырымдылығыменХалқын құтқарып алып, бүкіл өткенЗаманда Қамқоршысы болып келген.
Выбор основного перевода