Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біреудің адасып жүрген мүйізді ірі қарасына не есегіне тап болсаң, оны міндетті түрде иесіне айдап апарып бер! Біреудің есегі жүгінің ауырлығынан жығылып, тұра алмай қалғанын көрсең, оны сол күйінде қалдырып кетпе; жүгін түсірісіп, дұрыстап теңдеуге көмектес! Малдың иесі сені жек көретін дұшпаның болса да, солай істеуге тиіссің. Біреудің адасып жүрген мүйізді ірі қарасына не есегіне тап болсаң, оны міндетті түрде иесіне айдап апарып бер! Біреудің есегі жүгінің ауырлығынан жығылып, тұра алмай қалғанын көрсең, оны сол күйінде қалдырып кетпе; жүгін түсірісіп, дұрыстап теңдеуге көмектес! Малдың иесі сені жек көретін дұшпаның болса да, солай істеуге тиіссің. Жауың сенің аш болса тамақтандыр,Егер ол шөлдесе шөлін қандыр! Сонда Иса (көктегі Әкесіне сиынып): «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді», — деді.Ал жасақшылар Исаның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды. Тізерлеп отыра қалған ол қатты дауыстап: — Ием, олардың бұл күнәсін мойындарына арта көрме!» — деді. Осыларды айтысымен ол жан тапсырды. Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер, оларды қарғамай, ақ баталарыңды беріңдер! Ал «жауың сенің аш болса тамақтандыр,Егер де шөлдесе шөлін қандыр!Мұныңменен сен басына оныңҚызып тұрған шоқ жиғандай боласың». қолмен ауыр жұмыс істеп өз күнімізді көрудеміз. Бізді жамандағандарға ақ бата тілейміз, қудаласа, оған да төземіз; Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Выбор основного перевода