Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ, Мені тыңдаушылар, сендерге айтамын:жауларыңды жақсы көріңдер!Өздеріңді жек көретіндерге жақсылық жасап, қарғайтындарға да игілік тілеп,өкпелететіндер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер! Бетіңнің бір жағын ұрғанғаекінші жағын да тос!Шапаныңды тартып алғанныңкөйлегіңді де алуына кедергі жасама! Сұраған әркімге мұқтажын бер,өзіңдікін тартып алғаннан оны қайта сұрама! Басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер,сендер де оларға солай істеңдер! Егер өздеріңді жақсы көргендерді ғана жақсы көрсеңдер, сол үшін Құдайдан қандай сый алмақсыңдар? Өздерін жақсы көргендерді күнәкарлар да жақсы көреді ғой. Егер өздеріңе жақсылық істегендерге ғана жақсылық істесеңдер, сол үшін қандай сый алмақсыңдар? Оны күнәкарлар да істейді ғой. Егер одан қайтарып алармын деген үмітпен біреуге қарыз берсеңдер, сол үшін қандай сый алмақсыңдар? Берген нәрселерін түгелдей қайтарып алу үшін күнәкарлар да өзі сияқтыларға қарыз береді. Бірақ сендер жауларыңды да жақсы көріңдер! Жақсылық істеп, жарлыларға ештеңе дәметпестен қарыз беріңдер! Сонда көктегі сыйларың зор болып, Құдай Тағаланың рухани балалары боласыңдар! Ол тіпті рақмет айтуды білмейтіндер мен жамандарға да мейірімді. Сонымен көктегі Әкелерің қандай қайырымды болса, сендер де сондай қайырымды болыңдар! Кек алушы болма, басқаға реніш сақтама! Керісінше, өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй! Мен Жаратқан Иемін. Мынаны да айтушы болма:«Ол не нәрсе істесе маған,Мен де соны істеймін оған,Ісіне қарап мен оның қарымтасынҚалай да қайтаратын боламын!» Иса осыны айтқаннан кейін сонда тұрған сақшылардың бірі Оның бетін шапалақпен тартып жіберіп:— Сен бас діни қызметкерге қалай-қалай сөйлейсің? — деп зекіді. Иса оған:— Айтқаным дұрыс болмаса, дәлелде; дұрыс болса, Мені неге ұрасың? — деп жауап берді. Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар. Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім! — дейді Иеміз. Осылайша жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шық! Бірақ егер жасаған жамандықтарыңа лайықты соққыға шыдасаңдар, оның несі мақтарлық? Ал жақсылық жасай тұра азап шегіп, соған шыдасаңдар, бұл Құдайға ұнайды. Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді.
Выбор основного перевода