Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қарсыласың жеңіп шықса соңында,Қайтесің өзіңді масқара қылғанда? Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді. Енді не істеу керектігін неге өздерің шешпейсіңдер? Біреу саған қарсы дау көтерсе, оған еріп би алдына бара жатқанда уақыт оздырмай жолшыбай онымен татуласып, құтылуға тырыс! Олай етпесең, қарсыласың сені сотқа тартады, ал сот жазалаушыға тапсырып, жазалаушы сені түрмеге қамайды. Саған шындығын айтайын: сен берешегіңді соңғы тиынына дейін төлемейінше, сол жерден шыға алмайсың!
Выбор основного перевода