Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды. Менің атыммен өтірік ант беріп, Құдайларыңның есімін қорламаңдар! Мен Жаратқан Иемін. Мұнан кейін Мұса Исраилдің рубасыларына былай деді: «Жаратқан Иенің берген бұйрығы мынау: Егер бір адам Жаратқан Иеге бір нәрсені ұсынуға не бір нәрседен бас тартуға ант етсе, я болмаса біреуге берген сөзін сертпен байласа, онда ол өзінің берген уәдесін бұзбай, аузынан шыққанының бәрін де орындауға тиісті болады. (Уа, Исраил,) Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет! Оның атымен ғана ант беретін бол! Құдай Иеңе қандай да бір ант берген болсаң, оны орындауды кешіктірме! Себебі Құдай Иең оны сенен талап ететін болады. Егер орындамасаң, Оның алдында күнәлі болып қаласың. Егер ант бермеген болсаң, күнәлі болмайсың. Ал аузыңнан шыққан уәделеріңнің бәрін орындауға мұқият бол, себебі сен Құдай Иеңе ерікті түрде өз аузыңмен ант бердің. Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға,Берген сертіңді орында Алла Тағалаға.
Выбор основного перевода