Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елдегі қалалардың бірінде мұқтаждыққа тап болған бейшара бауырласың болса, онда оған жүректеріңді қасарыстырып, сараңдық көрсетпеңдер! Қайта, оған қолдарың ашық болып, мұқтаждығына қарай қарыз беріңдер. Сақ болыңдар, жүректеріңде залым ой тумасын. «Қарыздар кешірілетін жетінші жыл таяп қалды» деп ойлап, мұқтаждықтағы бауырласыңа көмектесуден бас тартып, мейірімсіздік көрсетпеңдер! Әйтпесе сол адам Жаратқан Иеге шағым айтып, сендер айыпты болып шығасыңдар. Керісінше, оған шын көңілмен, жомарттықпен көмектесіңдер! Осылай істегендерің үшін Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайтын болады. Елдеріңде мұқтаждықтағылар болмай қоймайды, сондықтан сендерге: «Елдеріңдегі бауырлас жарлы-жақыбайларға қолдарың әрдайым ашық болсын!» деген өсиетті тапсырып отырмын.
Выбор основного перевода