Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Байқаңдар, мейірімді істеріңді жұрт алдында көзге түсу үшін істемеңдер! Әйтпесе сендердің көктегі Әкеден ешқандай сыйларың болмайды. Сондықтан қайыр бергенде оны екі жүзділер секілді жұрт мақтасын деп мәжілісханалар мен көшелерде жариялатпаңдар! Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды. Ал сендер қайыр бергенде, не істегендеріңді сырлас достарың да білмесін! Осылайша жасаған қайырымдылықтарың құпия болмақ. Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек. Құдайға сиынғанда да екі жүзділердей болмаңдар: олар жұрт көзіне түсу үшін мәжілісханаларда, көше бұрыштарында тұра қалып мінажат етуді жақсы көреді. Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды. Ал сендер мінажат еткенде өз бөлмелеріңе кіріп, есігін жауып алып, көзге көрінбейтін Әкелеріңе сиыныңдар! Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек. Құдайға сиынғанда жалған тәңірлерге құлшылық етушілер іспетті құр сөз сөйлей бермеңдер! Олар көп сөз айтсақ еститін болады деп есептейді. Ал парызшылдар, тіпті яһудилердің бәрі дерлік, ата-бабаларынан қалған әдет-ғұрыпқа сай қол жуу рәсімін ұқыптылықпен орындамай тамақ ішпейтін. Олар базардан қайтып келгеннен кейін суға түсу рәсімінен өтпейінше, дастарқан басына да отырмайтын. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтары мен құмыраларын, қазандары мен орындықтарын да діни рәсімге сай жуып-шаюды, әрі сол секілді тағы басқа көптеген дәстүрлі салттарды берік ұстанатын. Алайда Иеміз оған былай деді:— Парызшылдар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасайсыңдар, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы! туғаннан кейін сегізінші күні сүндеттелдім. Исраил халқының Бунямин руына жататын, таза еврей тұқымынан шыққан евреймін. Тәлімім бойынша Тауратты қатаң ұстанатын парызшыл болып, Мәсіхке сенушілердің қауымын бар ынтаммен қудалайтынмын. Осылайша Таурат заңына сай әділеттілігім мінсіз еді. Алайда осы «артықшылықтарымды» Мәсіхке бола залал деп санай бастадым.
Выбор основного перевода