Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие мынаны айтады: «Аспан Менің тағым, ал жер табан тіренішім сияқты. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?! Көр соқыр жетекшілер, сендер қасіретке қаласыңдар! Себебі былай деп үйретесіңдер: «Біреу киелі үйдің атымен ант етсе, сол мұнысын орындауға міндетті емес. Ал егер киелі үйдегі алтынмен ант етсе, онда ол сол антын орындауға міндетті». Ей, соқыр да надандар-ай! Не артық, алтын ба немесе алтынды қасиетті ететін киелі үй ме? Сендер тағы: «Кім құрбандық үстелімен ант етсе, сол мұнысын орындауға міндетті емес. Ал егер ол соның үстіндегі құрбандықпен ант етсе, онда ол сол антын орындауға міндетті» дейсіңдер. Ей, соқырлар-ай! Қайсысы артық: құрбандық па, әлде соны қасиетті қылатын құрбандық үстелі ме? Ендеше, құрбандық үстелімен ант еткен сол үстелмен және оның үстіндегілердің бәрімен де ант береді ғой. Сол сияқты, киелі үйдің атымен ант еткен, киелі үймен және онда тұратын Жаратқан Иенің атымен де ант береді. Сондай-ақ, көктің атымен ант еткен, Құдайдың тағымен және тақ үстінде отырған Оның Өзінің атымен де ант береді. «Көк — Менің «тағым», ал жер — «табан тіренішім» секілді. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?! Ең бастысы, бауырластарым, ант етуші болмаңдар! Көк пен жердің немесе басқа да нәрселердің атымен ант етпеңдер. Қайта, сендер «иә» дегенде шынымен иә, «жоқ» дегенде шынымен жоқ болуға тиісті. Әйтпесе Тәңір Ие сендерді жауапқа тартпақ.
Выбор основного перевода