Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайға сиынғанда да екі жүзділердей болмаңдар: олар жұрт көзіне түсу үшін мәжілісханаларда, көше бұрыштарында тұра қалып мінажат етуді жақсы көреді. Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды. Парызшылдар, сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда сыйлы орында отыруды, әрі базарларда жұрттың өздеріңе сәлем беріп қошеметтеуін ұнатасыңдар. Қонақтардың төрдегі құрметті орындарды таңдап алып жатқанын байқаған Иса соны мысалға алып, мынадай тәлім берді: — Дін мұғалімдерінен сақтаныңдар! Олар ұзын шапан киіп жүруді әрі базарларда жұрттың өздеріне сәлем беріп құрмет көрсетуін жақсы көреді; сондай-ақ мәжілісханаларда сыйлы орында отырып, қонақасыларда төрге жайғасуды да ұнатады.
Выбор основного перевода