Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сенің үрім-бұтағың осы елге төрт ұрпақтан кейін ғана қайтып келеді. Себебі аморлықтардың күнәлары әлі шегіне жеткен жоқ, — деді. Уа, Исраил халқы, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Егер Мені тыңдамайтын болсаңдар, мейлі, әрқайсың барып, жалған тәңірлеріңе құлшылық ете беріңдер! Бірақ кейін Менің қасиетті есімімді өздеріңнің опасыздықтан арамдалған сый-тартуларыңмен және тәңірсымақтарыңмен қорламайсыңдар. Мейлі, шүкіршілік тартуы ретінде ашытқымен пісірілген нанды өртеп ұсыныңдар, ерікті тартулар жасап, оларыңды жұртқа жариялап мақтаныңдар! Өйткені осыны істеуді сондай жақсы көресіңдер, уа, исраилдіктер! — дейді Жаратушы Тәңір Ие. — Себебі олар біздің басқа ұлттарға Ізгі хабарды жариялап, құтқару әкелуімізге кедергі жасай береді. Осылай олар күнәларын күннен күнге көбейтіп келе жатыр. Содан Құдайдың қаһары төбелерінен төніп тұр.
Выбор основного перевода