Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,Өзінің киелі ғибадатханасында,Иеміз бақылайды барлығын да,Сын көзбен қарайды адам баласына. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Аспан Менің тағым, ал жер табан тіренішім сияқты. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?! Ал Мен сендерге былай деймін: үстірт ант етуші болмаңдар! Не көкті атап ант бермеңдер, ол Құдайдың «тағы», не жермен де ант бермеңдер, ол Оның «табан тіреніші», не Иерусалиммен де ант етпеңдер, ол «Ұлы Патшаның қаласы»! Өз басыңмен де ант берме! Себебі шашыңның бір талын шын мәнінде не ағартып, не қарайту қолыңнан келмейді. Қайта, сендердің «иә» дегендерің шынымен «иә», «жоқ» дегендерің шынымен «жоқ» болсын! Бұған қоса айтқандарыңның бәрі жамандықтарыңнан келеді. «Көк — Менің «тағым», ал жер — «табан тіренішім» секілді. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?!
Выбор основного перевода