Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біз (исраилдіктер) күнә жасап, іс-әрекетіміз әділетсіз болып келді. Біз зұлымдық жасап, Саған қарсы бас көтердік, бұйырған өсиеттерің мен заңдарыңнан бас тарттық. Патшаларымызға, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызға, жалпы, еліміздің бүкіл халқына Сенің хабарларыңды жеткізген қызметшілерің — пайғамбарларды да тыңдамай кеттік. Уа, Жасаған Ие, Сен әділсің, ал бүгінгі күні біз қара бет болдық. Бәріміз де — Яһуда мен Иерусалимнің адамдары әрі алыстағы да, жақындағы да бүкіл Исраил халқы Саған опасыз болғандықтан, әр түрлі елдерге тарап кетіп, ұятқа қалып отырмыз. О, Тәңір Ием, Өзіңе қарсы күнә жасағанымызға бола барлығымыз да, патшаларымыз, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызды қоса, түгелдей қара бет болдық. Сендер қасіретке қаласыңдар! Ата-бабаларың өлтірген пайғамбарларға әдемілеп мазар саласыңдар; осылайша ата-бабаларыңның істеріне куә болып, тіпті оларымен келісесіңдер де. Ата-бабаларың пайғамбарларды өлтірген, ал сендер соларға мазар орнатасыңдар.
Выбор основного перевода