Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда Мен Исраилді Өзім табыстаған осы елден қуып шығамын, әрі өз есіміме бағыштаған бұл киелі үйді де қасымнан алып тастаймын. Осылайша барлық басқа халықтар Исраилді мысалға келтіріп, табалап мазақтайтын болады. Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады. Мен киелі үйімді тастап, меншікті халқымды жалғыз қалдырамын. Жаныма сүйікті оны жауларының қолына бере саламын. Ал егер сол бұйрықтарыма бағынбасаңдар, онда бұл сарай қираған үйіндіге айналады деп Өзімнің атыммен ант етемін, — деп ескертеді Жаратқан Ие. Иса ғибадатханадан шығып кетіп бара жатқанда, шәкірттері қасына келіп, ғибадатхананың сәулетті ғимараттарына нұсқады. Ал Забур жырларында мына тәрізді сөздер жазылған: «Тұрған мекені қаңырап бос қалсын, сонда тұратын ешкім де болмасын!» және «Міндетін оның басқа біреу алсын!»
Выбор основного перевода