Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар базардан қайтып келгеннен кейін суға түсу рәсімінен өтпейінше, дастарқан басына да отырмайтын. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтары мен құмыраларын, қазандары мен орындықтарын да діни рәсімге сай жуып-шаюды, әрі сол секілді тағы басқа көптеген дәстүрлі салттарды берік ұстанатын. Сондықтан парызшылдар мен дін мұғалімдері Исаға:— Шәкірттеріңіз неге ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге сай істемейді? — деген сұрақ қойды. — Олар қол жуу рәсімін орындамай-ақ тамақтана береді екен! Исаның жауабы мынау болды:— Екі жүзді сендер жайында Ишая пайғамбар алдын ала дәл айтып кеткен! Оның жазбасында былай делінген ғой: «Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, ал солары бекершілік!» Себебі сендер Құдайдың өсиеттерінен бас тартып, адам ойынан туған дәстүрлерді ұстанып жүрсіңдер, — деді. Иса сөзін жалғастырып оларға мынаны да айтты:— Өз дәстүрлеріңді сақтау үшін Құдайдың өсиеттерін былай қойып, оларды менсінбеулерің қандай «жақсылық»?! Құдай Мұса пайғамбар арқылы: «Ата-анаңды сыйла!» және: «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой. Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен құрбан етіп қойдым, яки Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер. Осылайша сол адамның әке-шешесіне ешқандай көмек бермей, оларды сыйламауына жол бересіңдер. Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңді орнатып, Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар! Бұған ұқсас тағы басқа да теріс қылықтарды көптеп істеп жүрсіңдер. Алайда Иеміз оған былай деді:— Парызшылдар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасайсыңдар, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы! Ей, түйсіксіздер, сыртын Жаратқан ішін де жаратты емес пе?
Выбор основного перевода