Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ басшылар Зәкәрияға қарсы сөз байласып, оны патшаның әмірімен Жаратқан Иенің киелі үйінің ауласында тас лақтырып өлтірді. Ұясының үстінен қалықтап ұшып жүретін құс іспетті, Әлемнің Иесі де Иерусалимді қорғайды. Иә, Ол қаланы қорғап, құтқарады, оны ешкімге күйретпей үстінен «өте шығып», аман алып қалады. Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,Менің қасыма келіңдер, бәрің,Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен,Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,Тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің,Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім». Иса Иерусалим қаласына жақындап қалған кезде оған қарап көзіне жас алып былай деді: — Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің құтқара алатынын білсең ғой шіркін! Бірақ қазір мұны ұға алмайсың. Әкем Екеуіміз біртұтаспыз. Олар тас лақтырып ұрып жатқанда, Степан: «Уа, Ием Иса, рухымды Өзіңе ала гөр! — деп сиынды. Яһуди діндарлар тіпті Иеміз Иса және пайғамбарларды өлтіріп, бізді де қуып шыққан еді. Олар Құдайға ұнамайды әрі барлық адамдарға қастық танытады.
Выбор основного перевода