Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Иса оларға: «Қорықпаңдар! Бауырларыма барып, «Ғалилеяға жөнелсін, сонда Мені көреді» деген хабарды жеткізіңдер», — деп тапсырды. Әйелдер жолда бара жатқанда, күзетшілердің кейбіреулері қалаға кіріп, басты діни қызметкерлерге болған оқиғаны түгелдей айтып берді. Сонда олар рубасылармен бірге жиналып, кеңес құрды. Жасақшыларға едәуір ақша беріп, былай деп бұйырды: «Халыққа: «Түнде біз ұйықтап қалғанда шәкірттері келіп, мәйітін ұрлап әкетіпті» деңдер! Ал егер бұл туралы қауесет әміршінің құлағына жетсе, біз оны көндіріп, сендерді пәледен құтқарып аламыз». Пара алған күзетшілер солардың тапсырғанындай істеді. Содан осы жалған лақап яһудилер арасында күні бүгінге дейін таралуда. Он бір шәкірті Ғалилеяға барып, Иса айтқан тауға көтерілді. Олар Исаны көргенде алдында иіліп тағзым етті, ал бірқатары әлі де күдіктенді. Иса қастарына таяу келіп, былай деді:«Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген! Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин) Бұдан кейін Иса бір тауға көтеріліп, қалаған адамдарын Өзінің қасына шақырды. Олар таяп келгеннен кейін, араларынан он екісін Өзімен бірге болуға тағайындап, «елшілер» деп атады. Оларды уағыз айтуға жіберді, әрі оларға (ауруларды сауықтырып) жындарды қуып шығару билігін де тапсырды. Содан кейін Иеміз Иса тағы басқа жетпіс шәкіртін таңдап алып, оларды Өзі баратын барлық қалалар мен ауылдарға Өзінен бұрын екі-екіден жіберді. Иеміз шәкірттеріне былай деп тапсырма берді:
Выбор основного перевода