Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сол күндері қайтадан халық көп жиналып, жейтін тамақтары болмады. Иса шәкірттерін қасына шақырып: — Халыққа жаным ашиды. Олар үш күннен бері қасымда болып, жейтін азықтары қалмады. Оларды аш күйлерінде үйлеріне қайтарып жіберсем, жолшыбай әлсіреп, құлап қалар. Ал бірқатары тым қашықтан келді, — деді. Шәкірттері:— Осы құлазыған айдалада бұларды тамақтандыруға жететін нанды қайдан табуға болады? — деп жауап берді. Иса:— Қанша нандарың бар? — деп сұрағанда, олар:— Жеті күлше, — деді. Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлшені қолына алып, шүкірлік етті. Оларды адамдарға тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне берді. Олар халыққа үлестірді. Бірнеше кепкен ұсақ балықтары да болды. Иса оларды да алып, шүкірлік етіп, жұртқа үлестіруге бұйырды. Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді.
Выбор основного перевода