Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Тіпті өз ағайындарың, әкеңнің әулеті саған сатқындық жасап, артыңнан қатты балағаттап жүр. Олар саған жылы сөз айтса да, сен оларға еш сенбе! Ал Оның Өзі: «Өз елінде пайғамбардың қадірі болмас», — деп ашық айтқан еді. Себебі өз інілері Оған сенбейтін. Содан мен Иерусалимге қайтып келіп, ғибадатханада мінажат етіп тұрғанда, ерекше күйге еніп, Оны көрдім. Ол маған: «Тезірек Иерусалимнен кет, себебі олар сенің Мен туралы куәлігіңді қабылдамайды», — деді. Мен Оған: «Ием, Саған сенгендерді түрмеге жауып, мәжілісханаларда қамшылап соқтырған мен екенімді олар біледі. Сенің куәгерің Степанның қаны төгіліп жатқанда, мен оны өлтіргендерді жақтап, шапандарын күзетіп қастарында тұрдым ғой», — дедім. Ал Иеміз маған былай деді: «Жолға шық, мен сені алысқа жіберемін, басқа ұлттарға!» Жиналған халық осыған дейін Пауылды тыныш тыңдап тұрған еді. Бірақ ол соңғы сөздерін айтқанда, олар:— Бұл адам жер бетінен құртылсын! Ол енді тірі жүрмесін! — деп айқайлап кетті. Олар осылайша шулап, шапандарын шешіп, шаңды аспанға атып жатқан кезде,
Выбор основного перевода