Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Иса оған:— Байқа, бұл туралы ешкімге тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса Тауратта бұйырған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады, — деді. Менің жолыма түскендеріңе бола сендерді әміршілер мен патшалар алдына да апарады. Осылайша соларға және басқа ұлт адамдарына Мен туралы ашық айтасыңдар. Жақия пайғамбар тұтқындалғаннан кейін, Иса Ғалилея аймағына барды. Сонда Ол Құдайдың Ізгі хабарын жариялап былай деді: Өздеріңе сақ болыңдар! Жұрт сендерді соттарға ұстап беріп, мәжілісханаларда дүре соғатын болады. Менің жолыма түскендеріңе бола әміршілер мен патшалар алдына да апарыласыңдар. Осылайша солардың алдында Мен туралы ашық айтуға мүмкіндік аласыңдар. Иса оған мынадай бұйрық берді:— Бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін тазаруың үшін Мұса Тауратта бұйырған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады, — деді. «Сендерге ескерту болсын деп қалаларыңнан аяғымызға жұққан шаң-тозаңды қағып тастап кетеміз. Алайда Құдайдың Патшалығының таяп қалғанын біліңдер!» — Содан елшілер оларға қарсы куәлік ретінде аяқтарының шаң-тозаңын қағып тастап, Қония қаласына жүріп кетті. Айнала тұрғандар енді Пауылдың денесі ісіп кетеді немесе өліп, жерге бір-ақ құлайды деп, едәуір уақыт күтіп тұрды; бірақ оған ештеңе болмағанын көрген соң, ойларын өзгертіп: «Мынау бір тәңір болар!» — десті.
Выбор основного перевода