Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сол заматта бір әйел Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанының шетіне қолын тигізді. Әйел он екі жыл бойы қан кетіп қиналып жүрген еді. Себебі Ол көп кісілерді сауықтырып жібергендіктен, әр түрлі дертке ұшырап қиналғандар Оған қолдарын тигізуге тырысып, жақындай түсті. Бүкіл халық Исаға қолын тигізуге ұмтылды, себебі Одан құдірет шығып, бәрін де сауықтырып жатты. Әйел Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанының шетіне қолын тигізді. Сол сәтте-ақ қаны тоқтады. Петір жандарынан өткенде, тым болмаса, оның көлеңкесі түссін деп жұрт ауру адамдарды көшеге шығарып, төсеніштер мен зембілдерге жатқызып қойды. Құдай Пауыл арқылы айрықша құдіретті кереметтер де жасады: адамдар тіпті Пауылдың жұмысқа киген алжапқышын немесе беторамалын алып, науқастардың үстіне жапқанда, олар ауруларынан айығып, бойларын буған жындарынан құтылды.
Выбор основного перевода